Ақмола облысындағы дән себу жұмыстары 25-мамырға дейін аяқталады. Биыл егіс науқанына 68 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Президент тапсырмасына сәйкес, оның құны фермерлер үшін 165 теңгеге дейін арзандатылған. Премьер-Министр Асқар Мамин бүгін астықты аймаққа барып, егіс науқанының барысымен танысты. Биыл аймақтағы егіс көлемі 4,9 миллион гектар. Оның 4,4 миллионы дәнді дақыл. Егіс жұмыстарына 32 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Облыс көлемінде шаруалар негізгі жоспардың 13 пайызын орындады. Премьер-Министр осы сапарында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын да аралап көрді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ