«Зекет» қоры елордадағы 600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабын таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Зекет» қоры елордадағы 600 мұқтаж отбасыға азық-түлік қорабын таратты

14.05.2020

Карантин басталғалы Қазақстан мұсылман діни басқармасы қайырымдылық жұмыстарын тоқтатқан емес. Осы уақытқа дейін Алматы, Нұрсұлтан қалаларында әлеуметтік аз қамтылған 2 жарым мың отбасыға көмек көрсетілді. Жуырда үйлерін су басқан Мақтаралдықтарға да қолдау танытқан болатын. «Жүрек жылуы» деп аталған сауапты бастама бүгін де жалғасып, мұқтаж жандар қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Осы ретте еліміздің бас мүфтиі мұндай қолдаулардың карантин талаптарына сай атқарылып жатқанын айта келе, қолдау танытқан еріктілердің еңбегі зор екенін атап өтті.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу