Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізілді

14.05.2020

«Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізді. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы мүшелері «5-10-20» пилоттық жобасын заңды түрде қамтамасыз етуді қарастыруда. Сондай-ақ ұсыныстар қатарында ауылшаруашылық өнімдерін кепілдендірілген сатып алу тәжірибесіне негізделген азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын қалыптастыру да бар. Бұдан өзге туристік қызметті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы жастардың жұмыс орындарын құруға басымдық беру қарастырылған. Эпидемиологтар, вирусологтар мен инфекциялық аурулар бойынша маман даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыруға ерекше назар аударылады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу