Ғалымдар Солтүстік магниттік полюсінің жылжу себебін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Солтүстік магниттік полюсінің жылжу себебін тапты

15.05.2020
Ғалымдар Солтүстік магниттік полюсінің жылжу себебін тапты

Британдық ғалымдар адамзат үшін осы күнге дейін жұмбақ болып келген Солтүстік магниттік полюсінің жылжу феноменіне дәлел тапты. Бұл туралы Лидс пен Дания технологиялық университеттері мамандары бірнеше жыл жүргізген зерттеу нәтижелерінде жариялады.

Солтүстік магниттік полюсін алғаш рет 1830 жылдары Джеймс Кларк Росс ашқан болатын. Ол кезде полюс Канаданың қазіргі Нунавут аймағында орналасқан еді. Сол кезден бастап полюстің Сібір аумағына қарай жылжуы ғалымдардың қызығушылығын тудырған. Алайда өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері магниттік полюстің жылжу жылдамдығы біршама көбейген дейді мамандар.

Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, магниттік полюстің жылжуы жердің ядро қабатындағы магнит өрісінің өте үлкен екі бөлігіне байланысты. Оның бірі Канада маңында болса, екіншісі Сібір аймағының астында орналасқан. Ал полюс тартылыс күші көп өріске қарай жылжуда дейді ғалымдар. 30 жылға жуық жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, магниттік полюс 1990-шы жылдары жылына 15 шақырым жылдамдықпен қозғалса, қазір бұл көрсеткіш 55 шақырымға жеткен.

Магниттік полюстің бұлай жылдам қозғалуы навигация мен технология ғылымдарына кері әсерін тигізіп, апатты жағдайларға алып келуі мүмкін дейді мамандар. Кейбір ғалымдар миллиондаған жылдар бұрын динозаврлардың қырылуына себеп болған магниттік полюстің дәл осылай ауысы деп болжам жасауда.

Дереккөз: Nature Geoscience


Хабарламаларға жазылу