Орал қаласында кеме-катерлерге арналған маневрлік тұрақ бекеті суға түсірілді. Кемежайды «Зенит» зауыты елдің Шекара қызметіне арнап құрастырған.
Маневрлік бекетте бір мезгілде 4 кеме тұрақтай алады. Экипаждың тынығуы үшін асхана мен жатын бөлмелері қарастырылған. Əрі әмбебап айлақ теңіз күзетіндегі су көліктерін барлық керек-жарақпен қамтиды.
Жүзбелі кеме тұрағына Абайдың 175 жылдығына орай ойшылдың есімі берілді.
Рауан Диәли