Нұр-Сұлтан қаласында екі адам короновирустан қайтыс болды. Оның бірі-1958 жылы туған әйел- қаладағы жеке медициналық мекеменің бірінде істеген. Зейнетке шықса да жұмысын жалғастырған. Ауру белгілері болса да науқас 10 шақты күн үйде өзі емделген. Жағдайы онан сайын нашарлаған соң ғана жедел жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Бірақ қарқынды жүргізілген емге қарамастан науқас көз жұмды.
Дегенмен Елордада короновирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Бірақ сақтық шараларын әлі сақтау керек. Ал карантиндік шараларды алып тастау кезеңдері қалада әр жеті күн сайын ауруға шалдығудың азаюына қарай айқындалады.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше еліміз бойынша бір тәулікте 118 адам вирус жұқтырған. Сонымен науқастар саны -5689-ға жетті. Емделіп шыққандар-2639, өкінішке орай -34 адам көз жұмды.
Ақерке БЕРІКБЕК