Коронавирустың таралуын қадағалау үшін кәріз жүйесіне мониторинг жүргізуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың таралуын қадағалау үшін кәріз жүйесіне мониторинг жүргізуі тиіс

15.05.2020

Коронавирустың таралуын қадағалау үшін барлық елдер кәріз жүйесіне мониторинг жүргізуі тиіс. Әлем ғалымдары осылай дейді. Мамандардың айтуынша, канализация суынан вирустың бар-жоғын анықтауға болады. Бұл – аймақта қанша науқастың барын, оқшаулау режимінің тиімділігін көрсетеді. Пандемияның екінші толқынының алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, аталған әдіс адамдарды жеке-жеке тексергеннен әлдеқайда оңтайлы. Себебі инфекцияны анықтайтын тест көп елде жеткіліксіз.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу