Аягөз ауданында 4 бала қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз ауданында 4 бала қайтыс болған

15.05.2020

Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір айдың ішінде 4 бала қайтыс болды. Бұл мекемеде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған 100-ден астам жеткіншек бар. Ал бүгін, кейбір ақпараттық сайттар мұндағы 16 бала қызылша ауруына шалдығып, аудандық ауруханада жатыр деген мәлімет таратты. Бірақ, құзырлы органдар 4 баланың қайтыс болғанын ғана растап отыр. Бір анығы- балалардың өлімі өткен айда тіркелген. Бірақ ол туралы бұған дейін ешбір жерде ақпарат айтылмады. Ал арнайы комиссия өкілдерінің сөзінше, балалар туа біткен аурудың салдарынан қайтыс болған.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу