Семейде іс-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды. 19 жастағы бойжеткен 12 күн бұрын үйінен шығып кетіп қалған. Іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды. Бейнебақылаудағы жазбаларға қыз бала қаланың сол жағалауынан Ертіс өзеніне қарай бет алып, аспалы көпірге дейін барғаны түсіп қалған. Сондықтан құқық қорғаушылар бойжеткен өзенге құлап кетуі мүмкін-деген күдікпен жағалауларды тексердген болатын. Нәтижесінде қыздың суға ағып кеткен денесі жағалаудан табылды. Құқық қорғаушылар осы іске қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Ержан ЖАҚЫП