Павлодар облысындағы күл үшін қырқысқан тұрғындар жұмыспен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы күл үшін қырқысқан тұрғындар жұмыспен қамтылады

15.05.2020

Павлодар облысындағы күл үшін қырқысқан тұрғындар мен полиция қызметкерлерінің, жалпы микросфераға қатысты жылдар бойы жалғасып келе жатқан мәселенің түйінін тарқату үшін арнайы комиссия құрылды.

Олар бүгін ауыл тұрғындарымен кездесті. Оқыстан болған жағдай аймақ басшысының тікелей бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, Қалқаман кенті маңында жергілікті тұрғындармен полиция шиеленісіп, тәртіп сақшылары әуеге оқ атқаннан кейін ғана жұрт тарқаған. Жергілікті тұрғындармен әңгіме барысында мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін жұмыссыз адамдарды тұрақты еңбекке тарту керектігі айтылды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу