Өскеменде дүкен үшін электр энергияның ақшасын тұрғындар төлеп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде дүкен үшін электр энергияның ақшасын тұрғындар төлеп келген

15.05.2020

Естеріңізде болса, күні бұрын ғана тұрғындардың қуат көзі үшін төлемақы қымбаттап кетті деп шағымданғанын айтқан болатынбыз. Бұл материал эфирге шыққан соң құзырлы органдар проблеманың себебін іздеген. Сөйтсе, 9 қабатты тұрғын үйдің астында орналасқан дүкен иесі электр энергияны заңсыз пайдаланып отырған. Кәсіпкерге электр қуатын қолдануға жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы рұқсат берген. Ал электр энергияның ақшасы үйдің ортақ шығындары ретінде есептеліп, оны соңғы 1 жылдан бері тұрғындар төлеп жүрген. Енді электр қуатымен қамту мекемесі бұл үйдегі әр пәтердің төлемақысын қайта есептеп, артық төленген ақшаны қайтарып береді. Ал дүкен иесі заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу