Қазақстанның қарекетін айттық. Енді пандемия әлемді қалай өзгертеді деген сауал көкейде сайрап тұр. Өйткені біз жұрттан жырақ аралда тұрып жатқанымыз жоқ. Материктің қақ ортасынан ойып тұрып орын алған мемлекет оң-солының бәрімен араласуға міндетті. Дерт келгелі адамдар ғана көшеге шыға алмай қалған жоқ, тұтас мемлекеттер шекарасын шегендеп алыс-беріс пен барыс-келісті шектеді. Ендігі міндет күту, жаһанның жандануын. Жығылғанға жұдырық демекші, әлем экономикасының тамырына қан жүгірткен мұнай бағасы құлдырап шикізатқа күні қараған елдерді әбден титықтатып тастады. Айтып-айтпай не керек, оның ішінде бізде бармыз. Елде отырып ел жағдайын айттық қой, енді дөңгеленген дүниенің бүгіні мен ертеңін халықаралық сарапшымыз Индира Бегайдардан білейік.
Индира БЕГАЙДАР