Тағы бір дерек, 42500-ді берер кезде жүйеде жүйкеге тиетін мәселелер болды. Оны жауаптылар мойындады. Кейін түзетіп үлгерді. Көңілді күпті қылатыны басқа. Төтенше жағдайда мемлекет 42500-ден басқа көмек көрсетпей, қол қусырып отырғандай көрінді. Өйткені жұртқа жазғышбектер солай көрсетті. Бірақ бұл қате. Тағы бір тарап бар. Қазақстанның қорындағы ақшаның бәрін билік неге ағайынға үлестіріп бермейді деген. Бірақ бүгінмен өмір сүргеннің ертеңі бұлыңғыр екені екібастан белгілі. Сондықтан жұртқа жағу үшін жалған ұранға салудың қажеті жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдем жасаймыз деді ме, деді. Жасады ма? Жасады. Мағынасын мадиықтасақ, алдағы уақытта ел экономикасының тұралап қалмауы үшін, жұрттың жұмыссыз сандалып кетпеуі үшін барымызды саламыз деді ме? Деді. Ендеше сенбеске себеп жоқ. Қазақстанның қазақ халқына төтенше жағдайда жасаған жәрдемі қандай? Енді қандай қарекет қылмақ?
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ