COVID-19-дың ертеңімізге тигізер әсерін айттық. Экономика, саясат тағысын тағы. Ендігі кезек вакцинада. Коронавирустан қорғайтын екпені әлем елдері жарыса жасап жатыр. Адамзатты аурудан сақтайық деп. Вакцинаны қолға алғандардың сапында Қазақстанда бар.
Қазір израильдік, италиялық, қытайлық дәрігерлер COVID-19-ды еңсеретін вакциналарды дайындауда. Нақтыласам, Италияда коронавирус клеткаларын жоюға арналған вакцина ойлап табылды. Әзірге тек тышқандарға ғана сынақ жүргізілді. Ал адамдарға биыл күзде жасалмақ. Сол сияқты Финляндияда да 8 мамыр күні вакцина ойлап табылды. Ол жақта сынақ жазда жүргізілмек. Оксфорд ғалымдары да қауіпті індетпен күресу үшін арнайы препарат ойлап тапты. Ғалымдар алғашқы тестті 6 маймылға жасаған. Нәтижесінде, маймылдардың ешқайсысы коронавируспен ауырмаған. Енді мұндай сынақ 18 бен 55 жас аралығындағы 500 волонтерге жүргізіледі. Осы тұста вакцина жасауға білек түріп кіріскен Қазақстандық мамандардың хәлі қалай? Ел естен танбау үшін екпені қайдан ектірген дұрыс?
Назым ҚАЙРАТ