Түркия 20 мамырдан бастап емделу үшін елге келетіндерге шекарасын ашатын болды. Бұл ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрлігі таратты. Әзірге 31 мемлекеттен келетін науқастар қабылданады. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бұл тізімге бізден бөлек Германия, Өзбекстан, Ресей, Катар сияқты елдер де қосылған.
Алайда ем алуға келетіндерге қатаң талап қойылады. Ең алдымен, әрі кеткенде 48 сағат бұрын алынған короновирус жұқтырмаған деген анықтамасы болуы шарт. Ол болмаған жағдайда Түркия әуежайында ақылы түрде тест тапсырады. Бұдан бөлек, қаралатын ауруханасына алдын ала онлайн жазылып, науқастарды тіркейтін арнайы халықаралық жүйеге тіркелуі қажет. Сондай-ақ емделуге келген адамның жолай ешқайда соқпай, бірден ауруханаға баруы қатаң қадағаланады.
Айдос Әшімұлы