Атырауда мамыр айының соңында СOVID-19 жұқтырғандар саны 2 мыңнан асуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мамыр айының соңында СOVID-19 жұқтырғандар саны 2 мыңнан асуы мүмкін

18.05.2020

Індет өршіп тұрған Атырау облысында вирусқа шалдыққан науқастар саны мамыр айының соңына қарай 2 мыңнан асуы мүмкін. Шектеу шаралары сақталса, инфекция жұқтырғандар 800 адамнан аспауы керек. Өңірдің бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев осылай деп болжам жасап отыр. Жағдайдың ушығуына Теңіз мұнай кен орнында негізгі карантиндік талаптардың сақталмауы себеп. Бүгін аталған кеніштің тағы 84 жұмысшысынан СOVID-19 анықталды. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу