Қостанайда ет пен ұн қымбаттап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда ет пен ұн қымбаттап кетті

18.05.2020

Қостанайда карантин басталғалы ет пен ұн қымбаттаған. Бөлшек саудамен айналысушылардың өздері осылай дейді. Ал бағаға мониторинг жүргізетін ресми орындар азық бағасы тұрақты деп отыр. Дегенмен сөредегі көрсеткіштен аталған тағамдардың құны өскені байқалады. Мысалы, ұн орташа есеппен 20-25 теңгеге, макарон 5 теңгеге қымбаттаған. Алайда бұл нан бағасына әсер еткен жоқ. Наубайханаларға тұрақтандыру қорынан 1 сортты ұнның келісі 108 теңгеден сатылады. Еттің бағасы 10 пайызға көтерілген. Қазір ірі сауда орындары жұмыс істемейтіндіктен, ет шағын дүкендерде ғана сатылады. Сондықтан оның қымбаттауының бір себебі тапшылығында болып тұр.

Дәуренбек ӘБДІБЕК


Хабарламаларға жазылу