Елдің мұнай-газ саласында едуір өзгерістер болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің мұнай-газ саласында едуір өзгерістер болады

18.05.2020

Елімізден экспортқа шығатын мұнай көлемі 22 пайызға кемиді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты. Оның сөзінше, мамыр-маусым айларында тәуліктік өндіріс көлемі 390 мың баррельге дейін төмендейді. Бұл ОПЕК-ке мүше елдердің келісіміне сәйкес жасалып отыр. Ал екінші тоқсанда мұнайға деген сұраныс күніне 81 миллион барелден аспайды. Сол себепті, өндіріс те азаяды. Бірақ вице-министрдің айуынша, кейбір елдерге экспорт көлемі керісінше артып отыр. 

 Сондай-ақ вице-министр мұнай арзандаса да бензиннің бағасы неге түспейтінін айтты. Оның сөзінше, елімізде мұнай өндіруге кететін шығындар азаймаған. Бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Оның үстіне сәуір айында жанар-жағар майға деген сұраныс ақпанмен салыстырғанда 30%-ға төмендеген.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу