Елордада әзірге карантин шаралары қайтадан күшейтілмейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері айтты.
Керсініше, ертеңнен бастап сауда және ойын-сауық орталықтары ашылады. Бірақ ондағы кинотеатрлар мен фудкорттар жұмыс істемейді.
Сондай-ақ, моншалар мен сауналар да жұмысын бастайды, бірақ бассейндер ашылмайды. Мамандардың сөзінше, шаһарда қазір жағдай біршама тұрақты.
Амангелді Сейітхан