Соңғы күндері елде вирус өршіп тұр. Кешегі күндегі өсім - 4,8%. Бұл скринигтік тестілеудің нәтижесінде анықталып жатқанын айтады Денсаулық сақтау вице министрі Людмила Бюрабекова.
Коронавирус жұқырғандардың саны соңғы үш күнде күрт өсті. Тәулігіне 300 жағдайдан тіркеліп жатыр. Бейғамдық басым. Оның үстіне жаппай скринингтік тестілеу басталды. Күніне 28 мың адамнан сынама алынады. Көрсеткіштің артуына негізгі себеп осы.
Көпшілік Ресейдегі өрттен кейін емдеу аппаратының сапасына күмәнданып қалды. Бірақ бізде тұрған құрылғылар ресейдікі емес, басқа елдерден жеткізілген. Ал карантиндік шаралар аяқталғаннан кейін министрлік өлім-жітім базасын толық тексереді. Өйткені вирустан көз жұмғандардың басқа сырқаттары да болған. Әзірге ресми статистика бойынша коронавирустық инфекциядан елде 35 адам қайтыс болды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ