Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысына қатысты

19.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақта тауар таратудың ортақ желісін құру қажет. Сондай-ақ тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін тетіктерді ұсыну керек. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысында айтты. Саммит Минск қаласында өтуі тиіс еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты, аталған жиын бүгін онлайн форматта өтті.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу