Сондай-ақ Үкіметте «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске асыру жайы сөз болды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, көптің қызығушылығын тудырған бағдарлама алдымен пилоттық негізде іске асады. Ал оған пәтер кезегінде түрған кез келген адам қатыса алады. Бастысы отбасының табысы бағдарлама талаптарына сай болуы керек. Сол үшін баспана алғысы келетіндер кірісіне қарай төрт топқа бөлініп, соған сай тұрғын үй бағдарламасына қатысады.
Мәселен, отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс мөлшері 32 мың тг дейінгі азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады. Ал табыс көлемі 62 мың теңгеге дейінгі азаматтар «Бақытты отбасы», «2-10-20» секілді бағдарламалар бойынша 2% мөлшерлемемен баспана алуына мүмкіндік бар. Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 96 мың теңгеге дейін болса, «5-10-20» бағдарламасына қатысуға болады. Ал отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 96 мың теңгеден жоғары азаматтар екінші деңгейлі банктердің «7-20-25», нарықтық ипотека бағдарламаларына қатысуы тиіс.
Досжан МАРАТҰЛЫ