Енді көлік жүргізушілері тек бір ғана құжатпен жүре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді көлік жүргізушілері тек бір ғана құжатпен жүре алады

20.05.2020

Енді көлік жүргізушілері өзімен жеке куәлігін ғана алып жүрсе жеткілікті. Полиция қызметкері оның өзге құжаттарын планшет арқылы базадан көре алады. Бұл туралы да Мәжілістің жалпы отырысы кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. 

Ақпараттар базасында жүргізушінің қандай көліктерді басқаруға рұқсаты бар екені, сақтандыру полисі, техникалық бақылау, тіпті, қанша айыппұлы бар екені көрініп тұрады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу