Синтетикалық есірткі жасаумен және оны сатумен шұғылданған әйел ұсталды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерде заңсыз лаборатория ұйымдастырған. Пәтерді тінту барысында 2 келіден астам синтетикалық есірткі табылды. Тіркіленген тауардың қара базардағы құны 34 миллион теңгеге тақау. Онымен қоса, психотроптық затты дайындауға қажетті шикізат, химиялық реагенттер және медициналық құралдар тәркіленді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ