Карантин халықты үнемдеуге үйретті ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин халықты үнемдеуге үйретті ме?

20.05.2020

Ал карантин қазақстандықтарды үнемдеуге үйретіпті. Халықтың 75 пайызы қазір қаражат шашуға ең қолайсыз кезең деп есептейді екен. Еліміздің экономист мамандары жүргізген сауалнама нәтижесі осындай. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соңғы кезде интернет желісінде ең көп ізделген сөз де «үнемдеу» болған екен.

Төтенше жағдай қарапайым халықтың қаржылық жағдайына қатты әсер етті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, карантин отбасылық бюджетті 45 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік берген. Ал экономист Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, қиын кезеңге дейін қазақстандықтар азық-түлікке отбасылық бюджеттің 35 пайызын жұмсаған. Одан кейінгі орында - көлік шығындары. Әр түрлі демалыс орындарына жұмсалатын қаржы табыстың 10 пайызына тең болған.

Карантиннің халыққа тигізген басты психологиялық тиімділігі – ысырапшылдықтың алдын алуға мүмкіндік бергенін айтады мамандар. Яғни, халық бірінші кезекте өзінің қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкінідік алған. Отбасылық бюджетінің шексіз еместігін сезінген.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу