Украиналық «кедей хакер» ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украиналық «кедей хакер» ұсталды

21.05.2020
Украиналық «кедей хакер» ұсталды

Украинаның қауіпсіздік қызметі Sanix есімді киберқылмыскерді қолға түсіргендігі туралы мәлімдеді. IT-мамандардың айтуынша, ол «Коллекция №1» деп аталатын тарихтағы ең ірі электрондық пошта базасын таратушы хакер. Sanix киберқылмыс жолына елдегі кедейшілік салдарынан барғанын айтып отыр.


Sanix немесе Qualex никтерін пайдаланған хакер құқық қорғау органдарының назарын 2017 жылы аударған болатын. Сол жылы ол ағылшындық форумдардың бірінде миллиондаған электронды пошта мен олардың құпия сөздері бар базаны сататынын жариялаған.


Киберқылмыскерді ұстау барысында қауіпсіздік қызметкерлері оның пәтерінен басқа да хакерлік қылмыстардың нәтижесінде жиналған (банк карталары мен пин код, PayPal төлем шоттары, т.б.) 2 теребайтқа жуық мәлімет пен 10 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат тапқан. Құқық қорғау органдары хакердің толық есімін жарияламай отыр. Мамандардың айтуынша, сот процесі де анонимді түрде өтуі мүмкін.

ВВС


Хабарламаларға жазылу