Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 7234 адамға жетті. Індеттен 3835 науқас жазылып шықса, өкінішке орай 35 адам қайтыс болды. Айта өтейк, коронавирус пандемиясына орай шетелден дәрі-дәрмек жеткізу жағы қиындап отыр. Бұл жөнінде «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Берік Шәріп мәлімдеді. Айтуынша, әртүрлі сырқаттарды емдеуге арналған 20 шетелдік препарат елге жетпей отыр.
Ләйла ДУЛАТҚЫЗЫ