Атырауда із -түссіз жоғалып кеткен бір жарым жастағы баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қала іргесіндегі Жұлдыз ықшам ауданында орналасқан үйдің ауласында ойнап жүрген баланың қайда кеткені мүлде белгісіз. Сәбиді кинолог мамандармен қатар, әскерилер, полицилер, сондай ақ 1000-ға жуық тұрғын іздестіріп жатыр. Кешелі бері еріктілер 50-ден астам көшені сүзіп шықты. Қазір мамандар топқа бөлініп, өзге де елді мекендер мен саяжайларды қарауда. Алайда нәтиже жоқ. Сондай-ақ елді мекен аумағы дронмен де тексерілуде.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ