Қарағанды облысында бір тәулікте 130 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында бір тәулікте 130 адам коронавирус жұқтырды

22.05.2020

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын 363 адам жұқтырған. Əсіресе, Қарағанды облысында күрт өршіді. Өңірде бір тәулікте 130 адам қауіпті індетті жұқтырып, оның таралу өсімі 43,3 процентке бір-ақ шықты. 

Дені - «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Нұрқазған» кенішінен. Бүгінде кеніштің 133 жұмысшысы вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Қазір өндірісі тоқтаған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу