Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды. Сәбидің денесі өз үйінің ауласындағы ескі кәріз құдығынан шықты. Үш күн бұрын із-түссіз кеткен баланы кинолог мамандармен қатар, әскерилер, полиция, сондай-ақ 1000-ға жуық тұрғын іздестірді. Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ