Құнарлы алқапты жергілікті халыққа емес, шеттен келген инвесторға беріп жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құнарлы алқапты жергілікті халыққа емес, шеттен келген инвесторға беріп жіберген

22.05.2020

Павлодар облысында кооперативке біріккен ауыл тұрғындары жерінен айрылып қалды. Железинка ауданы әкімшілігі топырағы құнарлы алқапты жергілікті халыққа емес, шеттен келген инвесторға беріп жіберген. Тұрғындардың шағымынан кейін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының аймақтық департаменті істі өз бақылауына алды.

Үрлітүп ауылының тұрғындары биылғы көктемде жерге бір түйір дән сала алмады. Дала жұмыстары аяқталып қалды. Мал өсіріп, көкөніс саламыз деп кооперативке біріккен жұрт алдымен кеңсе қыламыз деп үйді бастан- аяқ жөндеген. Малға жем-азық дайындаған. Сөйтіп жүргенде іргедегі құнарлы алқаптан айрылып қалғандарын бірақ білді. Яғни конкурс өткізіліп суармалы егіске арналған 180 гектар жерді сырттан келген инвестор алған.

Егер бір жақты бұра тарту дерегі анықталса, жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Ал кінәлілер қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылады.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу