Атырау облысындағы індет ошағы - Теңіз мұнай кен орны аумағында жағдай әлі де күрделі. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Осы аптада кенішке облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов барып, шұғыл жиын өткізді. Өңір басшысы, вахталық қалашықтарда карантиндік талаптарды күшейтуді және қызметкерлерді шығару жоспарын әзірлеуді тапсырды. 50 мыңға жуық жұмысшысы бар кәсіпорын аумағынан бүгінде 18 мыңнан астам адам үйлеріне қайтарылды. Тағы да 7 жарым мыңы жұмыс мерзімі аяқталғасын қайтарылады. Теңіздегі эпидемиялық ахуалды күнделікті 10 мобильді топ қадағалайды. Алаңдатарлық фактілер бар.
Ал Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын «Нұрқазған» кеніші уақытша жабылды. Аймақтың бас санитар дәрігері Қанат Асқаровтың мәлімдеуінше, жұмадағы есеп бойынша кеніштің 133 жұмысшысы жұқтырған. Байланыста 1500-ден астам адам болған, жақын қатынаста болғана адам саны 244. Кеніш жұмысы маусымның біріне дейін тоқтатылған. Қазір эпидемияға қарсы шаралар жүргізіп жатыр. Мердігер компаниялардың бәрін қосқанда кеніште 1100 адам жұмыс істейді.