АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы 14 күн көлемінде Бразилия мемлекетінде болған барлық шетелдік азаматтарға елге кіруге шектеу қойды. Бұл туралы «ақ үйдің» ресми өкілі Кейли Макинани мәлімдеді.
«Президенттің бұл шешімі Құрама Штаттарда вирустың жаңа ошақтарының пайда болуына қарсы шара. Бұл шектеулер екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасына әсер етпейді»,- дейді Кейли Макинани.
Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда 360 мыңнан астам COVID-19 дерегі тіркелген. Қайтыс болғандар саны 22 мыңнан асып отыр.
РИА