Елімізде көптеген жекеменшік балабақшалар жабылудың аз ақ алдында тұр. Мұның екі себебі бар. Бөбектердің келуі азайған және бірнеше өңірде мемлекеттік тапсырыс уақытша тоқтаған. Салдарынан, қызметкерлерге жалақы төлеу мен коммуналдық, салықтық шығындарды өтеу күн өткен сайын қиындап барады. Мектепке дейінгі мекеменің өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәселелерін айтып шағымданды. Олар мемлекеттік тапсырыстың тоқтамауын қалайды. Атқарушы билік тарапынан қолдау жасалғанын қалайды.
Ербол МӘНЛДІБЕК