Сот отырысы ертең басталады. Естеріңізге сала кетейік, күдіктіні осы жылдың 15 ші қаңтарында ҰҚК қызметкерлері қамауға алған болатын. Содан бері үй қамағында отыр. Оған «өзіне сеніп тапсырылған қызметті асыра пайдаланды» деген айып тағылды. Ал, бүгін №2-ші қалалық соты қаралатын қылмыстық істің бабы өзгергенін жариялады. Бастапқыда оның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылса, енді жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.
Болат АМАНБАЕВ