Экс-әкім Болат Бақауовтың бас бостандығы 3 жыл 6 алты айға шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экс-әкім Болат Бақауовтың бас бостандығы 3 жыл 6 алты айға шектелді

27.05.2020

Павлодар облысының экс- әкімі Болат Бақауовтың бас бостандығы үш жыл 6 алты айға шектелді. Сот осындай үкім шығарды. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте және мемлекеттің үлесі бар ұлттық компанияларда жұмыс істеу құқығынан айрылды. Ал, мемлекеттік наградаларын қайтарып алу жөніндегі ұсыныс Президент қарауына жіберіледі. Еске салайық, экс -әкім қаңтар айында қамауға алынды. Оған қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген айып тағылды. Яғни, салықты қасақана төлемеген туысын қорғаштаған. Сөйтіп мемлекеттік кірістер департаменті басшысынан 200 млн. теңгеден астам салықты 3 млн теңгеге дейін төмендетуді талап еткен. Тергеу кезінде Болат Бақауов кінәсін мойындап, мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. Кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы бар. Жаза кескенде бұл да ескерілді-деді судья. Сот шешімі 15 күннен соң күшіне енеді.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу