Елордадағы үлескерлер сатып алған пәтерлері үшін тағы да ақы төлеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы үлескерлер сатып алған пәтерлері үшін тағы да ақы төлеуі мүмкін

27.05.2020

Өйткені жауапты компания оларға осындай талап қойған. Ал онсызда қолда бар қаржысын түгел құйып, үйін 10 жылға жуық күткендер бұған ашулы. Сондықтан бүгін қалалық әкімдікке барып, шағымдарын айтты.

Нұр-Сұлтандағы проблемалы үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы былтырдан бастап қайта салынып жатыр. Бірақ, үлескерлердің қазіргі жұмысқа көңілі толмайды.

Әкімдіктің мәліметінше, қазір қалада 42 проблемалы үй бар. 13 мыңнан астам үлескер әлі далада жүр. Барлық үй белгіленген жоспар бойынша жөнделеді. Мәселен, былтыр 10 үй қайта салынып, 2500 адамның мәселесі шешілген. Ал, биыл 20 нысанда құрылыс аяқталып, 8 мың пәтер берілуі тиіс. Қалған 22 обьектіні 2023 жылға дейін салу көзделіп отыр. Оның өзінде құжаттардың барлығы уақытылы реттелсе ғана.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу