Мақтааралдағы су басқан алқаптарға дән егілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралдағы су басқан алқаптарға дән егілуде

27.05.2020

Суы тартылған Мақтарал ауданында шаруалар егіс алқаптарын өңдеуге кірісті. Бұл жұмысқа көрші Өзбекстан елінен арнайы жіберілген техника мен жұмысшылар қолғабыс етуде. Олар қол күші мен техникадан бөлек өздерімен бірге жанар-жағар майын, егілетін мақта тұқымын да қоса ала келген. Олар суы құрғаған алқаптарға мақта дақылын қайта егіп беріп жатыр.

Тасқын кезінде Мақтарал ауданы бойынша 7 мың 600 гектар егісік жер су астында қалды. Оның 5 жарым мың гектары мақталық алқап болатын. Ғалымдардың айтуынша, күзге дейін әлі де 160 күн вегитациялық кезең бар. Олар диқандарға осы мерзім ішінде пісіп үлгеретін дақыл түрлерін егуді ұсынып отыр.

Тасқын судан Мақтаралда 10 мыңға тарта шаруа қожалығының тірлігі тұралап қалды. Олар апаттан жалпы есебі 1 миллиард теңгеге жуық зиян шеккен.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу