Елордада көпқабатты үйдің «техникалық қабатын» пәтерге айналдырып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көпқабатты үйдің «техникалық қабатын» пәтерге айналдырып алған

28.05.2020

Елордада көпқабатты үйдің «техникалық қабатын» пәтерге айналдырып алғандар әлі де бар. Бүгін бізге 9 қабатты үйдің тұрғындары хабарласты. Айтуларынша, ең үстіңгі қабаттағы үй салуға арналмаған жерде адамдар тұрып жатыр. Бірақ, пәтерлер заңдастырылмаған. Ең сорақысы, олардың коммуналдық төлемдерін 3 жылдан бері осы үйдің тұрғындары төлеп келеді.

10-шы қабат тек лифтіде ғана емес, үйдің құжатында да жоқ. Яғни, бұл техникалық қабат. Бірақ, мұнда адамдар емін-еркін тұрып жатыр.

Тұрғындардың сөзінше, бұл пәтерлерді салған және жалға беріп отырған азаматтың өзі де осы 10-қабатта тұрады. Үйіне барып, есігін қағып едік, ешкім ашпады. Телефон шалдық. Бүгін келе алмаймын деген азамат бұл қабаттың бәрін сатып алғанмын деді.

Тұрғындар тексерістің тезірек басталғанын қалайды. Өйткені бұл пәтерлерде тұрып жатқандардың коммуналдық шығындарын осы кісілер төлеп келеді.

Ашынған азаматтар 3 жылдан астам төлеген артық ақшаларын қайтаруды да талап етіп отыр. Бірақ, ол үшін тиісті мекемелердің тексеріс нәтижесін күтуге тура келеді.

Аман СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу