Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

29.05.2020
Трамп әлеуметтік желілердің қызметін реттейтін жарлыққа қол қойды

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеуге бағытталған жарлыққа қол қойды.

«Жарлықтың мақсаты - сөз бостандығы мен демократияны қорғау», - деп түсіндірді ол бұл қадамын.

Құжаттың негізінде 1996 жылы қабылданған БАҚ-тағы әдептіліктің сақталуы туралы Актінің 230-шы бабына өзгеріс енгізіледі. Мәселен, бұл бап бойынша Twitter мен Facebook платформасында жарияланған хабарламалар үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған еді. 

Трамптың айтуынша, әлеуметтік желілердің монополиялары Құрама Штаттардағы қоғамдық және жеке коммуникациялардың басым бөлігін басқарады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер жеке адамдар мен кең аудитория арасындағы байланыстың кез келген түрін цензураға тексеріп, шектеп, редакциялай алатындай бақылаусыз билікке ие болды. Ал жаңа жарлық бойынша енді әлеуметтік желілердің әкімшілігі жарияланған хабарламаларды, фотосуреттерді, бейнелер мен пікірлерді редакциялап, реттей алмайды. 

Бұған дейін Трамп әлеуметтік желілер консерваторлардың дауысын өшіруді жалғастыра берсе, олардың жұмысын қатаң бақылауға алатынын айтып, ескерту жасаған еді. Twitter оның жазбаларының бірін өтірік деп санап, оның астына пайдаланушыларды пошта арқылы дауыс беру фактілерімен танысуға шақыратын ескерту белгісін қойған болатын.

dw.com


Хабарламаларға жазылу