Атырауда иттерді аюандықпен өлтіргендер заң алдында жауап береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда иттерді аюандықпен өлтіргендер заң алдында жауап береді

01.06.2020

Атырауда иттерге асқан қатігездікпен зәбір көрсеткендер заң алдында жауап береді. Жантүршігерлік оқиға қала іргесіндегі Береке және Еркінқала елді мекенінде болды. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада, тұрғынның аула сыртында үй жануарын буындырып, кейін, басын тоңазытқыштың есігіне қысып қорлап жатқаны түсірілген. Екінші әуесқой видеода, екі азаматтың тапа-талтүсте ауыл ішінде иттерді пневматикалық мылтықпен атып жүргенін көруге болады. Зәбір көрсеткендер анықталды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу