Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан 3 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан 3 адам көз жұмды

02.06.2020

Көкшетаудағы әкімшілік жазасын өтеушілерге арналған мекемеде уланып қалған 6 адамның 3-шісі көз жұмды. Осыдан 5 күн бұрын 41 жəне 32 жастағы азаматтар қайтыс болған еді. Қалғандарының да жағдайлары өте ауыр. 

Әкімшілік жазасын өтеушілердің неден уланғаны әлі белгісіз. Əзірге 2 болжам бар. Токсинді сусын немесе есірткі қабылдаулары мүмкін. Барлығы бір камерада отырған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу