Биыл ҰБТ-ға қандай жаңашылдық енгізілді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ҰБТ-ға қандай жаңашылдық енгізілді?

02.06.2020

Биыл ҰБТ тапсырауға 4 сағат беріледі. Тестілеу уақыты былтырғымен салыстырғанда 10 минутқа ұзарып отыр. Ұлттық біріңғай тестілеудегі жаңашылдықтар мен оның қалай өтетінін бүгін Білім министрі Үкімет отырысында баяндады. 

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биыл түлектер алғаш рет тест тапсыратын ғимаратқа Face ID, яғни бет-әлпетті танитын құрылғы арқылы кіргізеді. Сондай-ақ педогогикалық мамандыққа түсу үшін бұрын межелі балл 60 болса, енді 70 балл жинау керек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу