Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Онда «Birgemiz» қорының қазіргі қызметі мен партия мүшелері арасындағы іріктеу жұмыстарына дайындық – праймериз туралы айтылды. Тұңғыш Президент қор арқылы шағын қалалар мен ауылдардағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуді жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті де қабылдады. Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды.
Нысаналы ЫҒЫЛ