Коронавирустан айыққан экс-вице-министр Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Қамалжан Надыров бұл лауазымға сәуір айында тағайындалған. Десе де, індет жұқтырып алуына байланысты жұмысына шыға алмады. Қамалжан Надыров сәуірдің 21-і күні Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған. Артынша оның алып мегаполистің денсаулық саласын басқаратыны белгілі болды. Коронавирустық инфекция расталғаннан кейін ол ауруханаға жатқызылды. Сондықтан басқарма басшысы болған Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылып, ол бүгінге дейін жұмысын жалғастырып келді. Ал бүгіннен бастап Қамалжан Надыров өз қызметіне кірісті.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ