Алматы облысында карантин кезінде де мектептерде ақша жинау тыйылмаған. Соңғы екі айда Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің сенім телефонына 20-дан астам шағым келіп түскен. Ал Қарасай ауданына қарасты бір мектеп директоры пара алу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ата-аналардың шағымдары бойынша тексеру жүргізіп, ақша жинағандарды нақты дәлелденген болса, қатаң жазалауға бекініп отыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ