Бизнес бастаған қыз-келіншектер арасындағы әріптестікті арттыру мен кәсіпті кеңейтуге қатысты шеберлік сағаттары. Өткен демалыс күндері 300-ден астам қазақстандық іскер әйел Астанада бас қосты. «Ұмай глобал саммит» атты шарада қазақстандық іскер әйелдер шығарған отандық өнімдер көрмесі мен халықаралық бизнес-тренерлердің дәрістері ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - түрлі салада жүрген отандық шағын және бизнес өкілдерін бір-бірмен таныстыру, олардың кәсіпкерлік қарым-қатынасын кеңейтуге жол ашу. Шара бірнеше жылдан бері өткізіледі. Оған елдегі бірнеше трансұлттық компания демеуші болған.
Жансая Меңлібаева, ұйымдастырушы:
Мұның барлығы кәсіпте жүрген әйел азаматтарды қолдауға арналған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.