«Брент» маркалы мұнайдың бағасы қымбаттауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Брент» маркалы мұнайдың бағасы қымбаттауда

02.06.2020

Бүгін «Брент» маркалы мұнайдың бағасы бірден 2,3 пайызға өсіп, 39 доллар 20 центке дейін қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, шикізат нарқының көтерілуіне ОПЕК пен оның Ресей бастаған одақтастарының мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқарту жайлы келісімді әрі қарай созу ниеті себепші.

Болжамдарға қарағанда, маусымның 4-де өтетін онлайн конференцияда ОПЕК+ бұл пәтуаның мерзімін шілдеге немесе тамызға дейін ұзартуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу