Елордада масаларды улау шаралары жаз бойы жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада масаларды улау шаралары жаз бойы жүргізіледі

02.06.2020

Елордада 50 мың гектар жерге масаға қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілді. Биыл масаны улайтын ошақтар көлемі артқан. Бірінші кезекте су қоймалары жәндіктерден тазартылып жатыр. Тұрғын үйлердің су толған жертөлелерін залалсыздандыру да көзделген. Аталмыш шаралар бас қалада 15 сәуірде басталды. Оған 150 адам мен ондаған техника жұмылдырылған. Қалалық әкімдіктегілердің хабарлауынша, биыл бұл жұмыстарға бөлінген қаржы былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Сондықтан, жаз бойы масалар аз болуы тиіс деп отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу