Бүгін мектеп түлектері аттестат алып жатыр. Бұл оқушылардың өміріндегі ерекше күн болса да, білім ошақтарына карантин талаптарын сақтау міндеттелген.
Сол себепті әр сыныптың оқушыларына мектеп бітіргені жайлы құжат кезек-кезек тапсырылды. Түлектер салтанатты шараға маска және медициналық қолғаппен келіп, ара қашықтық сақтап тұрды. Мектеп вальсін билемесе де, 11 жыл оқытқан ұстаздарына ән арнап, естелік суреттерге түсті.
Амангелді Сейітхан